Солтүстік Корея АҚШ аумағына жететін зымыран әзірлеп жатқанын мәлімдеді – БАҚ

абарлама жексенбі, 29 наурыз күні жарияланған, материалда Associated Press агенттігінің деректері келтірілген.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 04:21
Бүгiн 2026, 04:21
204
Фото: depositphotos.com

Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары АҚШ аумағындағы нысандарды соққыға алуға қабілетті деп мәлімделген зымырандарға арналған жаңартылған реактивті қозғалтқыштың сынақтан өткенін хабарлады. Бұл туралы BAQ.KZ DW-ге  сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарлама жексенбі, 29 наурыз күні жарияланған, материалда Associated Press агенттігінің деректері келтірілген.

Сынақ барысын КХДР басшысы Ким Чен Ын бақылап, бұл әзірлемені елдің стратегиялық әскери әлеуетін күшейтетін "елеулі жетістік" деп атаған.

Кореяның орталық ақпарат агенттігінің мәліметінше, көміртекті композит материал негізінде жұмыс істейтін қозғалтқыштың ең жоғары тарту күші 2500 килоньютонды құрайды. Бұл өткен жылдың қыркүйегінде қатты отынды қозғалтқышты сынау кезінде айтылған 1970 килоньютон көрсеткішінен жоғары.

Сонымен қатар, Пхеньян неғұрлым маневрлі, АҚШ пен оның одақтастарына ұстатуы қиын зымырандар жасауды көздеп отырғанын мәлімдегенімен, сарапшылар мұндай алыс қашықтыққа ұша алатын қозғалтқыш жасалды деген мәлімдеме асыра айтылған болуы мүмкін екенін атап өтті.

Материалда сондай-ақ қатты отынды қозғалтқышы бар зымырандарды сұйық отынды зымырандарға қарағанда тасымалдау мен ұшыру кезінде жасыру жеңілірек екені айтылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ким Чен Ын өз елінің Оңтүстік Кореяны «ең дұшпан мемлекет» ретінде ресми түрде танығанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Пхеньян Сеулді толықтай елемейді және кез келген арандатушылық әрекеттерге «қатал» жауап береді.

Наверх