Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмдiгiнiң отырысында баспана құрылысы қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
Биыл қарқын жоғарылаған. 2018 жылы 2068 пәтер салынса, биыл 2240 қолданысқа берiлмек. 2020 жылы 2842 пәтердi салу көзделген. Облыс әкiмi бұл көрсеткiштi 3 мыңға жеткізуге болатынын айтты.
Ипотекалық несиеге сұраныс 32 пайызға артқан. "7-20-25" жобасы бойынша 701 өтiнiм қабылданса, оның 468 мақұлданды.
Әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылғандарға 482 пәтер салынды, оның 124 көпбалалы отбасыларға. Яғни, 30 пайызы. 3 жылда бұл категорияның баспана мәселесiн толық шешемiз, - дедi Құмар Ақсақалов.