Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Уильям Мозермен кездестi.
Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабрлағандай, екi жақты кездесуде конструктивтi серiктестiк мәселелерi талқыланды. Әсiресе, ауыл шаруашылығы тақырыбына, аграрлық техника жасау, өнiмдi қайта өңдеуге баса назар аударылды.
«Бiздiң жерiмiз құнарлы. Облыстың потенциалы жоғары, үздiк технологиялармен оны пайдалану керек. Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру арқылы бiз өнiмдiлiктi ұлғайта аламыз», - дедi Құмар Ақсақалов.
АҚШ елшiсi Уильям Мозер екi жақты қарым-қатынастың болашағы зор дейдi.
«Солтүстiк Қазақстан ерекше өңiр. Өйткенi, бiздiң елiмiздегi Дакота сияқты штаттармен климат жағынан өте ұқсас. Бiздiң шаруалар жермен қалай жұмыс жасауды өте жақсы бiледi. Өзiмiздiң үздiк технологияларды сiздерде енгiзуге әбден болады. Бiрлескен бизнес жобаларды жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетемiз», - дедi АҚШ елшiсi.
СҚО-ның АҚШ елiмен қарым-қатынасы дамып келедi. Облыста америкалық ауыл шаруашылығы техникасы үлкен сұранысқа ие. Биылғы жылдан бастап АҚШ-қа солтүстiкқазақстандық кiлегей экспортталады.