Соловьева сайлау процесіне қатысушыларды Хартияға қосылуға шақырды

28 Желтоқсан 2020, 16:25
1606
Бөлісу:
Соловьева сайлау процесіне қатысушыларды Хартияға қосылуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Хартия идеясының авторы, қоғам қайраткері Айгүл Соловьева алдағы сайлау процесінде барлық бақылаушыларды біріктіруге шақыра отырып, осы құжат туралы айтып берді.

Қазіргі күні желтоқсанның басында құрылған Хартияға күн сайын бақылаушылар қосылып жатыр. Осы орайда біз сайлау процесінің барлық қатысушыларына үндеу тастаймыз. Бұл барлық партияларға, барлық қоғамдық бақылаушыларға, сондай-ақ осы сайлауды ұйымдастырушы мемлекеттік органдарға, әсіресе ОСК-ға қатысты. Сайлаудағы әділ және адал байқау туралы Хартияны жарияладық, - деп түсіндерді Айгүл Соловьева.

Оның айтуынша, құжат Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының, БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісінің, Копенгаген кеңесінің құжатында көрініс тапқан ЕҚЫҰ принциптерінің, демократиялық сайлау стандарттары туралы Конвенцияның, еліміздің Конституциясы мен ұлттық заңнаманы негізге ала отырып жасалды. 

Біз сайлау процесіне қатысушылар ретінде олардың сақталуын қадағалау және азаматтардың өз елін басқаруға қатысу құқықтарын іске асыру арқылы сайлау құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша қоғамдық сектор өкілдерін тартуды көздейміз, - дейді қоғам қайраткері.

Хартияның ұстанымдары қандай?

- сайлау процесіне әділ және адал байқау жүргізу, барлық ішкі және халықаралық байқаушылармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтасу;

- осы Хартияның ережелеріне сәйкес ел Конституциясына, ұлттық заңнамаға және билікке өкілеттік халықтың еркіне негізделуге тиіс деген халықаралық нормаларға сүйене отырып әрекет ету;

- халықтық ерік білдірудің демократиялық институттарын жетілдіруге ықпал ету, ДИАҚБ байқаушыларының мінез-құлық кодексін және объективтілік, анықтық, ашықтық, жауапкершілік, жариялылық және заңдылық қағидаттарын ұстану;

- елдің негізгі заңында және құқықтық актілерінде бекітілген, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес келетін сайлау процесі рәсімдерінің сақталуын мойындау.

Сонымен қатар, тиімді қоғамдық және халықаралық байқаудағы сайлаудың барынша бейтараптығына қол жеткізу үшін сайлау процесін ұйымдастыруға көмек көрсету. Сайлау процесінің ұйымдастырылуын байқау барысында әрбір азаматтың сайлау құқықтарының кез келген бұзылуына ден қою, құжаттық растамасы бар объективті және дәл ақпарат, сондай-ақ, хабарланатын ақпаратты тексеру үшін жеткілікті ақпарат беру. Сондай-ақ, байқау, заңнаманы талдау, сайлау алдындағы науқан мониторингі және сайлау дауларын қарау бағдарламаларын әзірлеуге ықпал етуді көздейді, - деп атап өтті ол.

Айгүл Соловьева сайлау процесінің барлық қатысушылары, яғни тәуелсіз, халықаралық, партиялық емес, партиялық және БАҚ-ты Хартияға қосылуға шақырды. Бұл Хартия әртүрлі түсіндірулерсіз бірыңғай форматта қозғалуға және нақты алгоритммен алға жылжуды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы