Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды

24 Мамыр 2024, 12:50
1209
Бөлісу:
Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды

Бүгінгі күні судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Соколок" каналы Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынғанын атап өткеніміз жөн. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында, қосымша нығайту жұмыстары жүргізілді.

Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды. Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін қосымша техникалар жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы