Соғыс тәуекелі: Уолл-стрит алтын мен облигацияларға көшіп жатыр

Уолл-стрит жаңа стратегияға көшті.

 pexels.com Бүгiн 2026, 12:05
Бүгiн 2026, 12:05
146
Фото: pexels.com

Таяу Шығыстағы қақтығыс инвесторлардың алаңдаушылығын күшейтіп, мемлекеттік облигациялар, алтын және швейцар франкі сияқты қорғаныс активтеріне инвестиция салу қажеттігі туралы пікірді нығайта түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Bloomberg агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, cенімді активтерге сұраныстың артуы нәтижесінде мемлекеттік облигациялар мен бағалы металдардың бағасы өсті.

Natixis компаниясының АҚШ бойынша пайыздық мөлшерлеме стратегиясы бөлімінің басшысы Джон Бриггстің айтуынша, трейдерлер "алдымен инвестиция жасап, кейін сұрақ қою" қағидатын ұстануы мүмкін.

Дағдарыс жағдайында капитал тартуы ықтимал акциялар да бар. Integrity Asset Management компаниясының портфель менеджері Джо Гилберттің пікірінше, өсім көшбасшылары ретінде энергетика мен металлургия салалары, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен коммуналдық қызметтер секторы алға шығуы мүмкін. Бұлар дәстүрлі қорғаныс бағытындағы салалар саналады.

Сонымен қатар қорғаныс өнеркәсібі компанияларының акцияларына да сұраныс артады, себебі олардың өнімдеріне қажеттілік күшейеді.

Ал тұтыну секторындағы компаниялар керісінше қысымға ұшырауы мүмкін. Мұнай бағасының қымбаттауы әуе компаниялары мен бөлшек сауда желілерінің көрсеткіштеріне кері әсер етеді, - дейді сарапшы.

BNP Paribas Wealth Management компаниясының бас инвестициялық стратегi Стефан Кемпер негізгі тәуекел мұнай бағасына байланысты екенін атап өтті. Оның сөзінше, егер мұнай ұзақ уақыт жоғары деңгейде сақталса, бұл экономикалық өсім болжамына және инфляция көрсеткіштеріне әсер етіп, нәтижесінде АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуін қиындатуы мүмкін.

Бұл біз соңғы уақытта циклдік секторларда байқап отырған өсім толқынын тоқтатуы ықтимал, – деді Кемпер.

Наверх