Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тергеу амалдарынан әуежайдың неліктен басып алынғаны белгілі болды. Олар Орталық Азия елдерінің бірінен ұшып келетін ұшаққа жол ашқан. Онда дайындалған содырлар мен командирлер келген. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Президент сұхбат барысынада қаңтар оқиғасы алдын ала ойластырылған акция екенін айтты. Өйткені тәртіпсіздіктің барлық кезеңі ойластырылған, оның ішінде бейбіт наразылық та болды, арты адам өлімі, мародерлікпен аяқталған.
Бұл алдын ала профессионалдармен ойластырылған толықтай операция болды және солармен іске асты. Бейбіт шеруге келсек, олар расымен де болды. Ондағы шерушілерге қатысты ешқандай күш қолданылған жоқ және қолдануы да мүмкін емес еді. Кейін олардың орнына жастар келіп, тәртіпсіздік танытты. Полицейлердің қалқанына түрлі заттар лақтырды. Одан кейін үшінші лек келді. Бұлар мародерлер еді, олардың саны өте көп болды. Олар адам өлтіріп, қанаушылар. Бастысы оларды арнайы дайындықтан өткен профессионал содырлар басқарып отырды. Оған қоса олар жергілікті мекенді жақсы білген, қаладағы ғимараттар мен күштік органдардың ғимараты қайда орналасқанын жақсы білген және шабуыл жасады,-деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл адамдарды материалдық құндылықтар қызықтырмағанын жеткізді.
Олар әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады. Бұларға қылмыстық істер, құқыққорғау органдарындағы құжаттар қажет болған. Бұл алдын ала ойластырылған әрі шетелден содырларды тартқан террористік шабуыл,-деді ол.
Сонымен қатар ол содырлар -ақ Алматыдағы әуежайын неліктен басып алғанын айтты.
Тергеу амалдарынан әуежайдың неліктен басып алынғаны белгілі болды. Олар Орталық Азия елдерінің бірінен ұшып келетін ұшаққа жол ашқан. Онда дайындалған содырлар мен командирлер келген. Әрине, олар жұмысқа келушілер сипатында жеткен. Ішке енген соң операцияға кіріскен. Кейін құқыққорғау органдары тойтарыс берген соң олар әуежай арқылы қайта ұшқан. Сондықтан бұл өте жіті ойластырылған операция болған,-деді Тоқаев.