Сочиде бір күнде екі рет қуатты жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресейдің Краснодар өлкесі бойынша ТЖМ ММ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, сейсмооқиғаның магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша 3,9 балды, ал қарқындылығы – 3 балды құраған.
Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте орналасқаны анықталды.
Инфрақұрылым мен өмір сүруді қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, - делінген ведомство таратқан мәліметте.
Табиғи апаттың куәгерлері жер сілкінісі таңғы уақытта болғанын айтуда.
Бұл жер сілкінісі 2012 жылдан бергі қуатты жер сілкінісінің бірі болғаны анықталды.