Ресейде Сочи мен Қазан қаласындағы әуежай қызметі уақытша тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Росавиация мекемесінің ресми өкілі Артем Кореняко хабарлады. Олардың айтуынша, ведомство әуе кемелерінің қауіпсіздігі үшін осындай қадамға барған. Экипаж мүшелері, әужай қызметкерлері шұғыл шара қабылдап, әзірге әуе рейстері жүргізіліп жатқан жоқ.
Бірнеше күн бұрын Шереметьево, Домодедово, Внуково, Жуковский және Грабцеводағы әуежай жұмысына шектеу енгізілген еді. Бірақ ол біраз уақыттан кейін алынып тасталды.