Соңғы жеті күнде Кавасаки синдромымен ауырған бірде-бір бала анықталған жоқ – ДСМ

18 Қыркүйек 2020, 18:02
1204
Бөлісу:
Соңғы жеті күнде Кавасаки синдромымен ауырған бірде-бір бала анықталған жоқ – ДСМ

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Елімізде бүгінге дейін Кавасакиге ұқсас синдром анықталған балалар саны – 35. Олардың 31-і емделіп шықты. Қалған 4 бала тиісті ем-дом шараларын қабылдауда. Соңғы жеті күн ішінде Кавасаки синдромымен ауырған бірде-бір бала анықталған жоқ. Емделіп шыққан балалар да учаскелік дәрігерлердің үнемі бақылауында. Дәрігерлер әрқайсысының денсаулығын күнделікті қадағалап отыр, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова елімізде демалыс күндеріндегі шектеу шаралары мен ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына сай карантиндік жеңілдіктер турасында айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы