Қазақстанның соңғы жаңалықтары

SMS арқылы әскерге шақыру: Қорғаныс министрлігі жобаны талқылауға шығарды

25 Тамыз 2025, 09:42
770
Бөлісу:
 Сырым РАХИМБЕКОВ  - архив
Фото: Сырым РАХИМБЕКОВ - архив

Қазақстан Қорғаныс министрлігі азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы хабарлаудың ресми тәсілі ретінде SMS-хабарламаларды бекітуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тиісті жоба "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға жарияланды.

Құжатта өзгерістер әскерге шақыруды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін нақтылауға, сондай-ақ бұл рәсімге бірыңғай тәсілдерді енгізуге бағытталғаны көрсетілген.

Жоба әскерге шақыруды кейінге қалдыру мүмкіндігін мемлекеттік қызмет арқылы іске асыруды және әскери қызметке шақырылатын азаматтың телефон нөміріне жіберілетін SMS-хабарламаны тиісті хабарлау түрі ретінде тануды көздейді, - делінген түсіндірмеде.

Жобаны талқылау 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжіліс әскери-патриоттық тәрбиелеу туралы заң жобасын мақұлдаған еді. Оның бір нормасы бойынша Қорғаныс министрлігі қазақстандық шақырылушыларға SMS-хабарлама жібере алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, студент статусы барлар әскерге шақырылмайды.

Өзгелердің жаңалығы