Смайыловтың кеңесшісі қызметінен кетті

20 Қыркүйек 2023, 19:24
762
Бөлісу:
Смайыловтың кеңесшісі қызметінен кетті
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің өкімімен берген өтінішіне сәйкес Мұрат Өтемісұлы Жүребеков ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Strathclyde университетін (Шотландия), Гарвард бизнес мектебін, Қазақ-британ техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-та жетекші маман, бас маман болып бастаған.

2004-2010 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-та департамент директорының орынбасары, Солтүстік Каспий жобасының экономика жөніндегі бас менеджері.

2010-2019 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2019-2023 жылдары – ҚР энергетика вице-министрі, бірінші вице-министрі.

2023 жылы Ақтөбе қаласының әкімі қызметін атқарды.

2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болды.

Өзгелердің жаңалығы