Смайылов: Жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет

29 Наурыз 2022, 09:48
1237
Бөлісу:
Смайылов: Жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші  кезекте аса маңызды саяси реформаларды   іске асыру көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов айтты.

Президент Жолдауында айтылған ауқымды саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық шараларды  іске асыру үшін 10 негізгі бағыттан тұратын Жалпыұлттық жоспар әзірленді. Ол үшін Президенттің өкілеттігі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, мәслихаттардың, әкімдердің функциялары мен   оларды құру тәртібі, саяси партия құру мәселелеріне қатысты конституциялық заңдар мен  басқа да заңдарға  өзгерістер енгізу қажет, -деді Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгеретінін және Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешені іске асырылатынын айтты.

Ұсынылып отырған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары Жолдауда айтылған міндеттерге толық сәйкес келеді  және барлық келісу рәсімдерінен өтті.

Сондықтан жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет. Ондағы әрбір іс-шараның сапалы  және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты екенін  баса айтқым келеді. Орынбасарларыма жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы