Смайылов Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды

22 Ақпан 2022, 09:23
2016
Бөлісу:
Смайылов Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министріне қатысты сын айтты. 

Өткен аптада сіздің орынбасарыңыздың (Денсаулық сақтау министрі – Ажар Ғиният) қатысуымен брифинг өткен еді. Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына жауап бере алмағаны өте өкінішті. Осыған назар аударуыңызды сұраймын. Мұндай жағдайлар Үкіметтің жұмысына кері әсерін береді. Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуын тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз керек, - деді Смайылов. 

Премьер-министр атағандай, әрбір қабылданған шешім қоғаммен бірге қабылдануы керек. 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады. 

Өзгелердің жаңалығы