Премьер-министр Әлихан Смайылов TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар авиация саласындағы ынтымақтастық, Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминал салу, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады.