Смайылов Шәмша Беркімбаеваның отбасына көңіл айтты

8 Сәуір 2022, 17:52
1390
Бөлісу:
Смайылов Шәмша Беркімбаеваның отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлихан Смайылов мемлекет және қоғам қайраткері Шәмша Беркімбаеваның отбасына көңіл айтты.

 Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-ұстаз, бұрынғы Білім және ғылым министрі Шәмша Беркімбаеваның қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен ағайын-жұртына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. 

Бар саналы ғұмырын еліміздің оқу-ағарту ісін дамытуға арнаған Шәмша Көпбайқызының ұлтқа сіңірген еңбегі, ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы ұшан-теңіз. Ол тұңғыш рет үкіметтік деңгейде «Ауыл мектебі» бағдарламасының қабылдануына бастамашы болып, қазақ мектептеріндегі білім беру жүйесін жаңғыртуға көп еңбек сіңірді. Қашан да іргелі істерімен ел-жұртының айрықша ықылысына бөленді. Жан дүниесі адамгершілікке толы болған Шәмша Көпбайқызының рухы өзі қалаған парасат биігінде қала бермек. 

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Өзгелердің жаңалығы