Смайылов Қызылордадағы сапарында өңір басшысына бірқатар тапсырмалар берді

23 Желтоқсан 2022, 21:27
924
Бөлісу:
Смайылов Қызылордадағы сапарында өңір басшысына бірқатар тапсырмалар берді
PHOTO

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында өткен кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың 11 айында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны жоғары болды. 

Атап айтқанда өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5%-ға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29,5%-ға, ал инвестициялар тарту қарқыны 31,3%-ға ұлғайды; 

28 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды; 366 км автожол жөнделді; 604 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. 

Смайылов Қызылордадағы сапарында өңір басшысына бірқатар тапсырмалар берді

Биыл бекітілген ұлттық жобалар аясында облыста 2026 жылға дейін 15 мыңнан астам оқушыға арналған жаңадан 21 мектеп, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған 27 объект салынып, 4 аудандық аурухананы жаңғырту жоспарланған. 

Әлихан Смайылов азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, облыс тұрғындарын жылумен, электрмен және сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Премьер-Министр Солтүстік Арал теңізінің жағдайына ерекше назар аударды. Оның көлемі соңғы жылдары азайып барады. 

Осыған байланысты ол суару технологиялары мен кезектілігін ұстануды және коллекторлық-дренажды суларды қайта пайдалануды, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жалғастыруды, жерлердің мелиоративтік жағдайына мониторинг жасауды күшейтуді, каналдардың жөндеу жұмыстарын жүргізуді, суару желісінің магистральдық және шаруашылық арналарын тазартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Смайылов Қызылордадағы сапарында өңір басшысына бірқатар тапсырмалар берді

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов мыналарды тапсырды:

2023 жылдың 1-тоқсанының аяғына дейін экологиялық төлемдерді ескере отырып, коммуналдық сектор кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша шаралар қабылдау; 

2025 жылдың соңына дейін Қызылорда-Жезқазған автомобиль жолының жергілікті учаскелерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды аяқтауды және облыстық жолдардың нормативтік жағдайын 95%-ға жеткізу; 

кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылыс жобасын одан әрі жүзеге асыру үшін инвестор тарту мәселесін пысықтау; 

«Қараөзек» су қоймасының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру.

Өзгелердің жаңалығы