Смайылов Қаржы министріне тапсырма берді

15 Ақпан 2022, 11:02
1230
Бөлісу:
Смайылов Қаржы министріне тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Қаржы министріне тапсырма берді.

Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің осы жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындап бергенін айтты. 

Үкіметтің ең маңызды міндеттерінің бірі – халықтың табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру, - деді ол.

Смайылов мемлекеттік органдардың бірінші басшылары шешуге тиіс мәселелерді атады.  

Президент бюджеттік жоспарлауды реформалауға қатысты бірқатар тапсырма берді. Жоспарлау тиімділігін арттыру үшін бюджеттік процестерді цифрландыруды жылдамдату қажет. Қаржы министрлігі осы жылғы 1 наурызға дейін бюджеттік жоспарлаудың процестерін цифрландыру бойынша нақты шараларды қабылдасын, - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-министр ел Президентінің тиімсіз әрі шығыны көп жобалардан  бас тартуды тапсырғанын айтты. 

Сондай-ақ Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері әзірлеп жатқан Бюджет қаражатының тиімділігі мен әлеуметтік-экономикалық қайтарымын бағалау әдістемесін аяқтау керек деген болатын. Қаржы министрлігі Стратегиялық жоспарлау агенттігімен және Есеп комитетімен бірге Әдістеменің  жобасын 1 сәуірге дейін Үкіметке енгізуі тиіс, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы