Смайылов Каспий Құбыр консорциумының мәселелерін талқылады

16 Ақпан 2023, 19:41
816
Бөлісу:
Смайылов  Каспий Құбыр консорциумының  мәселелерін талқылады
Фото: Үкімет

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен КҚК бас директоры Николай Горбань Каспий Құбыр консорциумының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 КҚК Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде маңызды рөл атқаратындықтан, оның тұрақты жұмысы Үкіметтің ұдайы назарында.

Өткен жылы теңіз терминалында айлақ құрылғыларының бұзылуына байланысты КҚК қызметінде шектеулер орын алды. Жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып, бүгінде барлық шектеулер алынып тасталды. Сонымен қатар алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін барлық тиісті шараларды қабылдау қажет, — деді Әлихан Смайылов.
 

 Құбырдың өткізу қабілетін арттыру – маңызды мәселе, бұл Қазақстаннан мұнайдың қосымша көлемін тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Николай Горбань КҚК мұнай құбырының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және қолданыстағы жабдықтардың сенімділігін арттыру үшін барлық қажетті шаралар іске асырылатынын атап өтті. 

Сонымен қатар Тар жерлерді жою бағдарламасын табысты іске асыру нәтижесінде 2022 жылдың соңында құбыр жүйесінің өткізу қабілеті Қазақстан аумағынан жылына шамамен 72,5 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауға мүмкіндік берді. 

Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі барлық мәселелерді одан әрі пысықтауға дайын екенін атап өтті.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы