Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Израильдің туризм министрі Йоэль Развозовпен кездесті.
Бұл туралы Қазақстан үкіметінің телеграм каналы мәлімдеді.
Үкімет басшысы Израиль мемлекеті – еліміздің Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі және қазіргі жағдайда екі елдің өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін көп күш салуы тиіс екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, аграрлық саладағы өзара іс-қимылды және туристік әлеуетті дамытуды талқылады.