Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты

30 Наурыз 2019, 15:02
2569
Бөлісу:
Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Күн тәртібінде бекітілген 36 және қосымша 10 сұрақ қаралды.

Кеңес мүшелері ЕАЭО нормативті актілерінің орындалу барысы, ЕАЭО ортақ қаржылық нарықты қалыптастыру тұжырымдамасы, ЕАЭО Мысыр, Сербия және Израилмен еркін сауда аймақтары жөнінде келісімді бекіту туралы келіссөздер мен Жоғары Кеңестің №72 шешімінің орындалу барысы бойынша комиссия ұсынған ақпараттарды тыңдады. Бұдан өзге, отырыс барысында осы жылдың сәуір айына жоспарланған Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының күн тәртібінің жобасы мақұлданды.

Жиында Одақтың ішкі нарығында Одаққа мүше мемлекеттер тарапынан өзара қолайлы шешім қабылданған, дегенмен де қолайсыздық тудырған айтулы кедергілер төңірегінде мазмұнды пікір алмасу болды.

ЕАЭО жөніндегі 2014 жылғы 29 мамырдағы келісімшартқа қол қойылғанына 5 жыл толуына байланысты, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің бірлескен мәлімдемесінің жобасы талқыланды.

Кеңес отырысында ЕАЭО кедендік аумағы мен кедендік шекарасында карантинге жатқызылған өнімдер мен нысандарға талап етілетін Бірыңғай каратиндік фитосанитариялық талаптарға өзгеріс енгізу ұсынысы мақұлданды.

Мұнымен қоса, ЕАЭО теxникалық регламентін құру бойынша жоспардың ІІ бөліміне, Кедендік Одақтың теxникалық регламентіне, Кедендік Одақтың «Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» теxникалық регламентіне де өзгерістер енгізілді.

ДСҰ кіру кезіндегі талаптарға сәйкес қабылданған міндеттемелер бойынша, Қазақстан Республикасында ЕАЭО-ң бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелеріне қарағанда әлдеқайда төмен кедендік әкелім баж салығы қолданылатын тауарлар тізімі мен баж мөлшерлемелерінің көлемі де өзгеретін болады.

Кеңес отырысы аясында үшінші елдермен өзара сауда-саттық барысында туындаған теxникалық кедергілерді жою бойынша талаптар мен тәртіптер жөніндегі келісімге, «ЕАЭО аясында қызмет көрсетудің жекелеген секторларын ырықтандыру жоспарын жүзеге асыру бойынша» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қаулысының жобасы мен «ЕАЭО өндірістік саясаты бойынша Кеңес» жөніндегі келісімдерге өзгеріс енгізу шешімі қабылданды.

Жалпы алғанда, бұл жиынның мазмұны Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сәйкес келеді және бұл басқосудан кейін экономикалық интеграциялық процесстердің жаhандану деңгейі артып, жаңа серпінді өзгерістер орын алмақ. ЕАЭО мүше мемлекеттердің аймақтық және xалықаралық деңгейдегі интеграцияға құлшынысын оятуға да түрткі болады.

Өзгелердің жаңалығы