Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыс барысында электр энергиясы мен телекоммуникация нарықтарын демонополизациялау бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсыныстары қаралды.
Байланыс нарығын демонополизациялау жөніндегі қадамдар аясында ұялы байланыс қызметтерін көрсету саласындағы ірі операторлардың бірінің үлесін төмендету туралы ұсыныс айтылды.
Премьер-министр аталған шаралардың экономикаға әсерін бағалау үшін сараптамалық деңгейде айтылған тәсілдерді пысықтауды тапсырды.
Оқи отырыңыз: