Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

17 Мамыр 2022, 18:34
1291
Бөлісу:
Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға салалық объектілер мен ұйымдарды жекешелендірудің негізділігіне, оның ішінде жеке операторларды құру тұрғысынан талдау жүргізу тапсырылған болатын.

Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар коммуникациялық, инфрақұрылымдық және өндірістік компанияны мемлекеттік меншікке беру ұсынылды.

Бүгінгі таңда республикалық меншікке бірқатар кәсіпорын мен мекеменің акциялары мен қатысу үлестері қабылданды. Атап айтқанда, «Көлік сервисі орталығы» АҚ мүлкінің құрамында ұзындығы 250 шақырым болатын 400-ден астам кірме теміржол желілері қабылданды.

Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 шақырым болатын 138 кірме теміржолына иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған компаниялардың мемлекет меншігіне қабылдануы темір жол инфрақұрылымы саласында делдалдарды болдырмауға және осы қызметтерге бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

Сондай-ақ комиссия отырысында Жекешелендірудің кешенді жоспарынан халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін (жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және басқа да коммуналдық қызметтер) 205 объектіні алып тастау мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар Комиссия ЖЖМ нарығын, газ саласын және өңірлік электр желілік компанияларды демонополизациялау шараларын қарады.

Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

Премьер-Министр осы бағыттарда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы