Смайылов: Азық-түлік тауарлары жеткілікті болуы тиіс

15 Наурыз 2022, 10:34
1318
Бөлісу:
Смайылов: Азық-түлік тауарлары жеткілікті болуы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов азық-түлік тауарларының нақты қолжетімді болуы басты міндет екенін айтты.

Жоспар ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталып отыр. Онда негізінен егіс алқаптарын әртараптандыру, мал шаруашылығын кешенді дамыту, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, сақтау мен логиситика инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қамтылған, -деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы бағаны реттеудің қолданыстағы механизмдерінің тиімділігін бағалау керек екенін айтты.

Бұл есептеулер бағаны тұрақтандыру жөніндегі басқа да нарықтық механизмдермен бірге (оның ішінде тұрақтандыру қорлары және «айналым схемалары») азық-түлік тауарларын қолжетімді қылуға негіз болады. Сондай-ақ ол бағаларды әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарын адрестік қолдауға көшу үшін ұсыныстар дайындау қажеттінін тапсырды, -деді Премьер-министр.

Смайыловтың айтуынша, бағаларды тұрақтандырудың басқа да әдістерін қолдану қажет.

Сонымен бірге, жоспар аясында форвардтық жеткізулер жүйесін дамыта отырып, агроөнеркәсіп кешен және сауда субъектілерінің арасында ұзақ мерзімді тұрақты шаруашылық байланыстарды орнату шараларын да /қарастыру керек. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасы да маңызды орын алады, -деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы