Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Хромтау ауданында Үкімет басшысы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының жаңа желісін салу барысымен, «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысады.
Сонымен қатар Премьер-Министр бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандарды аралайды.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов шығармашыл жастармен кездесу өткізіп, облысты одан әрі дамыту жоспарларымен танысады.