Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов есеп беру кездесуінде шағын және орта бизнес өкілдеріне жасалатын салықтық амнистия нәтижелерін айтты.
«2019 жылы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнеске салықтық рақымшылық жасау жұмыстары басталды. 90 мыңға жуық салық төлеушілерге амнистия жариялады. Қазірдің өзінде олардың 42% пайдаланды. 210 млрд теңге көлемінде негізгі қарызды төлеу жағдайында аталған салық төлеушілердің 123 млрд теңге көлемінде өсімпұлдары және 7,3 млрд теңге көлемінде айыппұлдары кешірілетін болады», - деді Смайылов.
Оның айтуынша, бизнес жүргізуге қолайлы жағдайдың жасалуы 2018 жылы салық төлеушілер санының артуына әсер етті. Шағын және орта бизнес субъектілерінен салықтық түсімдер 3 трлн 384 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 25% өсті. Шикізаттық емес сектордан түсетін салықтық түсімдер 16% өсіп, 5 трлн 820 млрд теңгеге жетті.
Министр кызметкерлеріне жалақымен қоса жеке табыс салығын төлеп отырған салық агенттер саны 12 мыңға дейін жеткенін ерекше атап өтті.