Премьер-министр Әлихан Смайылов өзінің жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтің алдында тұрған басым міндеттерді белгіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол Үкіметте әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді.
Вице-премьер білім мен ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спорт, туризм салаларын дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясаты және т.б. мәселелерді бақылауына алады.
Әлихан Смайылов Алтай Көлгіновке жаңа лауазымда жұмысының табысты болуын тіледі.
А. Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.
Әр жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Әділет министрлігінде және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.
2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі.
2016-2019 жылдары – Батыс Қазақстан облысының әкімі.
2019 жылы Астана әкімі болып тағайындалды.