Премьер-министр Әлихан Смайылов келесі жылы "9-20-25" бағдарламасын іске қосу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Премьердің айтуынша, бағдарлама жүзеге асса, 8 мың отбасы баспаналы болады.
Халықтың тарапынан қолдау тапқан бағдарлама – "7-20-25". Бірақ оны іске асыру үшін қаражат керек. Ұлттық банк өз лимитін қойды. Ал бұл лимит сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз. Енді Ұлттық банк осындай шектеу қойғасын біз Отбасы банкі мен «Бәйтерек» ұлттық холдингі қазір өзіміздің қосымша тағы бір бағдарламаны әзірлеп жатырмыз. Ол – "9-20-25" бағдарламасы: 9 пайызбен 25 жылға (алғашқы жарна – 20 пайыз), - деді Әлихан Смайылов.
Смайылов жаңа ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру үшін 150 млрд теңге керегін айтады.
Бағдарламаны іске қосу үшін біз 100 млрд теңгені нарықтан қалған 50 млрд теңгені Отбасы банкі таза табысынан бөлуі керек. Осылайша, екі қаржы көзін қосып, 9 пайыздық ставкаға шығуы керек. Менің ойымша, бұл бағдарлама жастарға арналады. Оған сұраныс жоғары болады деп ойлаймын, - деді ол.
Сондай-ақ премьер-министр бағдарламаны іске қосу үшін бізге кем дегенде 1 ай уақыт керегін айтты. Келесі жылы "9-20-25" бағдарламасы болады деп сендірді.