Словения Қазақстанды "қызыл" аймаққа енгізді

3 Тамыз 2020, 15:36
1777
Бөлісу:
Словения Қазақстанды "қызыл" аймаққа енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Украина Қазақстанды өзінің "қызыл" тізіміне қосқан еді.

Словения Қазақстанды коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қосты, деп хабарлайды Travel Off Path.

Бұл еуропалық мемлекеттің шекарасы 17 шілдеден бастап ашылды. Елге кіруге рұқсаты бар тізімге "жасыл", "сары" және "қызыл" аймақ елдері кіреді. "Жасыл" аймақтың туристеріне карантин мен тест сынамалары қажет емес. "Сары" аймақтағылар үшін 14 күндік карантин қарастырылған. Алайда, кейбір ерекшеліктер болмаса, словяндар үшін карантин жоқ. "Қызыл" аймақтағы елдерден келгендердің барлығы, оның ішінде словяндар де 14 күндік карантиннен өтуі керек.

"Жасыл" тізімге Еуроодақ елдері мен кейбір үшінші елдер кірді. "Қызыл" тізімде Қазақстанмен бірге АҚШ, ТМД бойынша көршілер, Таяу Шығыс және Латын Америкасы елдері бар. "Сары" тізімге барлық басқа мемлекеттер кірді. Словенияның шекарасында денсаулық жағдайын анықтайтын скринингі енгізілген, аурудың белгілері табылған туристер кіре берісте кері қайтарылады. Карантин бойынша ерекшеліктер дәрігерлерге, медициналық туристерге, словендердің отбасы мүшелеріне және басқа да санаттарға арналған. 

Бұған дейін Украинаның Қазақстанды өзінің "қызыл" тізіміне қосқаны белгілі болған еді.
Өзгелердің жаңалығы