Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Словакияда адамдар мінген спорттық ұшақ апатқа ұшырады

13 Қыркүйек 2025, 23:51
576
Бөлісу:
 Словакия полициясы
Фото: Словакия полициясы

Словакияның батысында, Нове Замки қаласына жақын жерде өте жеңіл спорттық ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, оның бірі әскери қызметкер, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Noviny.sk сайтының хабарлауынша, ұшақ Каменный Мост ауылының маңында құлаған.

Нове-Замки қаласына жақын жерде ультра жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, - деп жазды Словакияның медициналық құтқару қызметінің жедел орталығы.

Кабинада 41 жастағы ұшқыш болған, ол көрші ауылдан келген ерікті өрт сөндіруші және бұрынғы әскери болған. Оның қасында 32 жастағы ер адам болған. Құтқарушылар шұғыл араласқанымен оқиға орнына жеткен дәрігер екі адамның да қаза тапқанын растады.

Полиция қайғылы оқиға болған жерге Ауа мен судағы оқиғаларды тергеу жөніндегі ұлттық басқармасының сарапшылары жіберіліп жатқанын хабарлады.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау қажет, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы