Словакия экс-президентінің мерейтойына орай Елбасының құттықтауы табысталды

17 Сәуір 2021, 15:16
1924
Бөлісу:
Словакия экс-президентінің мерейтойына орай Елбасының құттықтауы табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан елшісі Роман Василенко Словакия экс-Президенті Иван Гашпаровичпен кездесіп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мерейтойға байланысты құттықтау хатты табыстады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.


Елбасы жуырда өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өткен И. Гашпаровичке Қазақстан-словакиялық достықты дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді. 
Словакияны егемен елдің Президенті ретінде көптеген жылдар бойы басқарған Сіз, Еуропалық одақтың толық мүшесі ретінде елдің жаңа жетістіктерге жетуіне жағдай жасауға, словак халқының өмір сүру сапасын жақсартуға атсалыстыңыз. Берік қазақстандық-словакиялық достықты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Осы қарым-қатынастар Қазақстан мен Словакия халықтарының игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенімдімін. Менің 2007 жылдың қарашасындағы Братиславаға жасаған сапарым және сіздің қонақжайлылығыңыз, сондай-ақ, 2010 жылғы наурыз және желтоқсан айындағы Қазақстанға сапарларыңыз бен біздің жемісті келіссөздеріміз әлі де есімде, - делінген құттықтауда.

Осы тұрғыда, елші тек Словакияда ғана емес, шетелде де үлкен беделге ие сұхбаттасушыны Қазақстан-Словакия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларымен таныстырды.

И. Гашпарович Елбасына көңіл бөлгені мен жылы лебізі үшін шын жүректен алғыс айта отырып, соңғы жылдары Словакия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгенімен, орасан зор және әлі толық іске асырылмаған әлеуеті бар екендігін атап өтті. Осыған байланысты, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы Братиславада Қазақстан Елшілігін ашу туралы шешімін құптап, COVID-19 пандемиясына қарамастан ынтымақтастықтың кең ауқымы бойынша байланыстарды нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпаратты қанағаттанушылықпен қабылдады.

Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Словакия арасындағы инновация, машина жасау, оның ішінде автомобиль және қорғаныс өнеркәсібі, фармацевтика, IT, ауыл шаруашылығы салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту әлеуетін атап өтті. Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың жолдарын айта отырып, И. Гашпарович 2021 жылы қалыпты халықаралық байланыстардың жаңаруымен – іскерлік ынтымақтастық жаңа сапалы серпін алатынына сенім білдірді.

Кездесу барысында халықаралық саясаттың өзекті мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, ірі ойыншылардың, оның ішінде ядролық державалар арасындағы жаһандық деңгейдегі шиеленістің жалғасуын атап өтіп, тараптар Қазақстан Тұңғыш Президентінің диалог құру, сондай-ақ, адамзатқа жаһандық ядролық қатерді азайту бастамасын талқылады.

Елбасының 2019 жылы Астана клубында Ядролық қарусыздану және ядролық қарудан азат әлемді құру жөніндегі көшбасшылардың жаһандық альянсын құру туралы ұсынысы – словак саясаткерінің ерекше қызығушылығын тудырды.


Өзгелердің жаңалығы