Словакия беларусьтік ұшақтарға өз әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салды

27 Мамыр 2021, 13:08
2989
Бөлісу:
Словакия беларусьтік ұшақтарға өз әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Словакия «Белавиа» әуе компаниясының ұшақтарына өз кеңістігінде ұшуға және елдің аэродромдарын пайдалануға тыйым салды, деп жазды korrespondent.net.

Бұл ақпаратты кеше Словакия елінің Сырқы істер министрі Иван Корочок таратқан. Оның айтуынша, бұған Беларуссия билігінің заңсыз әрекеті себеп болған.

Словакия Еуропа одағы басшылығының шешімін жүзеге асырып, өзінің әуе кеңістігінде «Белавиа» компаниясының ұшақтарына ұшуға және елдің аэродромдарын пайдалануға тыйым салады. Бұл Белоруссияның халықаралық тәртіпті бұзу режиміне қарсылық, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, еуропалық көшбасшылар Ryanair ұшағын Минскіде міндетті түрде қондыру жағдайынан кейін Еуропалық Одақ аумағында белорусьтік ұшақтардың ұшуына тыйым салған болатын. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ аумағындағы барлық әуе тасымалдаушыларына Беларуссия арқылы ұшуға тыйым салынды. Еуропалық Одақ кеңесі Халықаралық азаматтық авиация ұйымын Ryanair ұшағының Минскіде қонуына мәжбүр болу себебін зерттеуді ұсынды. Олардың пікірінше бұл заңсыз әрекет.

Қазіргі күні «Белавиа» жеті елге әуе тасымалын жүзеге асырмайды. Жуықта аталмыш компанияның ұшақтарына Польша аумағы арқылы өтуге рұқсат етілмеді.

Өзгелердің жаңалығы