28-30 қазан аралығында Солтүстік Македония астанасында БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК) мен БҰҰ Даму бағдарламасының (ПРООН) қолдауымен Тұрақты энергетикалық даму жөніндегі XIV халықаралық форум (IFESD-14) өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биылғы форумның тақырыбы – «Мақсаттардан іс-қимылға: тұрақты даму үшін болашақ энергиясы».
Іс-шараға үкімет өкілдері, халықаралық ұйымдар, бизнес және ғылыми қауымдастықтар қатысып, энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру және таза энергияға әділетті көшу мәселелерін талқылауда.
Негізгі бағыттар:
- маңызды минералдық ресурстарды тиімді басқару;
- электромобильділікті дамыту;
- энергетикалық жүйелерді цифрландыру;
- метан шығарындыларын азайту;
- «жасыл» және энергия тиімді жобаларды қолдау.
Форумда «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Фархат Абытов баяндама жасап, Қазақстанның геологиялық деректерді цифрландыру және минералдық ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы тәжірибесін таныстырды.
Цифрландыру жер қойнауын пайдалануда сенімділік пен тиімділіктің негізіне айналып келеді, — деді Фархат Абытов.
Ол Bірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасы (minerals.e-qazyna.kz), EXia предиктивтік талдау жүйесі және Британ геологиялық қызметімен бірлескен цифрлық геологиялық карта жобалары туралы баяндады.
Форум аясында Қазақстан делегациясы Солтүстік Македониядағы елшімен кездесіп, геология және табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану саласында ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ БҰҰ энергетика және экология бастамаларына қатысу мәселелерін талқылады.