Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Баянғазин «Antikor live» жобасы аясында өткен брифингте айтты.
Департамент жұмысы штаттық режимде жалғасып жатыр. Былтыр департамент 99 қылмысты тіркеді. Оның 82 пайызы жемқорлық дерегі бойынша анықталды. Қылмыстық істер бойынша шығын көлемі 650 млн теңгені құрады. Бұл - соңғы 5 жылдағы ең ірі көрсеткіш. Бұл қаржының 95 пайызының орны толтырылды, - деді ол.
Баянғазин айтқандай, өңірде мемлекеттік органның 8 жетекшісі ұсталған.
Оның ішінде 5-еуі облыстық деңгейде, 3-еуі аудандық деңгейде тіркелді. Жалпы 23 адам ұсталып, 8-і қылмыстық жауапкершілікке, 12-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Антикор лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды мақсат етпейді. Барлық іс тыңғылықты қаралады. Жемқорлықтың себебі мен салдары туралы мемлекеттік органдарға түсініктеме жіберіледі, - деді ол.
Оның айтуынша, өткен жылы әртүрлі құрылымдарға осы сынды 35 іс-шара нұсқаулығы бағытталған.