СКО-да жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтті

28 Қазан 2022, 14:00
1377
Бөлісу:
СКО-да жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтті
PHOTO

Солтүстік Қазақстан облысында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау қадағалау комитетімен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы қол қойылған Келісімді іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 26-28 қазан аралығында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша атап айтқанда, ірі қара малдың «аусыл» жұқпалы ауруын жою бойынша симуляциялық жаттығулар өткізілді.

СКО-да жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтті

Аңыз бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы аумағында бір сиыр өлген. Өлген сиырдан алынған патологиялық материалды зерттеу кезінде «А» типті аусыл вирусы анықталған.

Оқу-жаттығуларға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ғылыми-зерттеу институттары мен аумақтық инспекцияларының өкілдері, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының төтенше жағдайлары бойынша органдары, ішкі істер органдары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен денсаулық сақтау мекемелері жұмылдырылды.

Оқу-жаттығуларға ветеринариялық қызметінің 43 қызметкері, 

5 бірліктен астам техника жұмылдырылды. Жаттығулар барысында:

- Төтенше жағдай кезіндегі қызметтердің ведомствоаралық өзара іс-қимылы;

- «Аусыл» жұқпалы ауруының пайда болуы, диагностикасы, ақпараттандыру, оқшаулау, жою, алдын алу кезіндегі ұйымдастыру мәселелері;

- Солтүстік Қазақстан облысының ветеринариялық қызметінің облыстық және аудандық бөлімшелерінің төтенше жағдай кезіндегі дайындығын тексеру бойынша сұрақтар пысықталды.

СКО-да жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтті

Аусыл жұқпалы ауруының ошағын жою жұмыстарын өрістету және ұйымдастыру кезінде дала жұмыстарының дағдылары, сондай-ақ қолайсыз пункттің шекарасын белгілеу және онда жүргізілетін сауықтыру шараларын жүргізілуі, қауіп төнген аймақта алдын алу шараларын жүргізілуі игерілді.

Залалсыздандыруға арналған заманауи құрылғылармен және қондырғылармен жұмыс істеу, өндіріске заманауи жеке қорғаныс құралдарын енгізу дағдылары игерілді.

СКО-да жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша симуляциялық оқу жаттығулары өтті

Осы іс-шараның нәтижесінде ветеринариялық қызметтің аусыл ауруының пайда болуына ден қоюға дайындығы, республикалық ветеринариялық қызметтердің тиімділігін арттыру арқылы аусылға қарсы күресті күшейтуге, жауапты ЖСДҰ ұсыныстарын орындау мақсатында ауруларды бақылау үшін расталды.

Өзгелердің жаңалығы