СҚО-да шенеуніктердің қателігінен жалғызбасты аналар қарызға батып отыр

3 Сәуір 2021, 07:45
779
Бөлісу:
СҚО-да шенеуніктердің қателігінен жалғызбасты аналар қарызға батып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер жалғыз басты аналар жәрдемақыны заңсыз алды деп айыптады, деп хабарлайды astana.tv.kz.

Бұған дейін жергілікті әкімдік  күнкөріс деңгейі төмен аналарға әлеуметтік төлемдер ұсынған. Алайда кейінірек әкімдік қызметкерлерінің қателескендерін айтып, оларға жүздеген мың теңгені мемлекетке қайтаруды талап еткен.

Бүгінде үш баланың анасы Виктория Красавина әкімдікке 300 мың теңге қарыз болып отырғандардың бірі. 2019 жылы отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болғасын әкімдіктегілер әлеуметтік көмек ресімдеуді ұсынып, ай сайын отбасыға 70 мың теңге түсіп отырған. Бірақ жыл соңында шенеуніктер төлемдерді қайтаруды талап еткен.

Ай сайын бізге қоңырау шалып, осы ақшаны қайтаруды талап етуде. Мен оларға төлейтін ақшам жоқ екенін түсіндірдім. Біз ешқандай кірісті жасырмадық, біздің барлық кірістеріміз базада сақтаулы тұр, – дейді жалғызбасты ана Виктория. 
Қарақоға ауылында үш баланың анасы Оксана Сүлейменова да осындай жағдайға тап болған. Ол жарты жыл бойы мемлекеттен ақшалай көмек алып жүргенде борышкерлер тізіміне кіремін деп ойламаған. Қазір шенеуніктер ақшаны қайтаруды талап етті, өйткені оның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен бар болғаны 80 теңгеге артық болған.
Өзгелердің жаңалығы