Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.
Бағаның өсуі тек солтүстік өңірде белең алған жоқ. Барлық облыстарымызда өскен тіпті әлемде азық-түлік бағасы артқан. Ауыл шаруашылығының министрі Ербол Қарашөкеев өз мәлімдемесінде, сарапшылардың мысалын келтіріп, әлемде азық-түлік бағасы 30 пайызға қымбаттағанын атап өткен еді, - дейді Ақсақалов.
Сондай-ақ әкім азық-түлік бағасының қымбаттауына не сеп болды? деген сұраққа жауап берді.
Біріншіден, бұл сөзсіз пандемияның әсері. Сондай-ақ биыл болған қуаңшылық салдары. Облысымызда бұрын ондай жағдай болмаған еді. Өсімді тұрақтандыру үшін арнайы фонд құрылды. Оған 1,9 млрд теңге бөлдік, - деді ол.