СҚО-да 15 мектеп пен 47 медициналық нысан салынады

10 Желтоқсан 2021, 17:25
1342
Бөлісу:
СҚО-да 15 мектеп пен 47 медициналық нысан салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл СҚО-да әлеуметтік салаға көп қаржы бөлінген. Өңірде 4 миллиард теңгеге 52 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өткізілген. 

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. 

Заманауи зертханалары бар оқу-зертхана ғимаратының құрылысы жалғасып жатыр. Әскери институтқа да жаңа ғимараттар салынуда. Әлемдегі ең үздік университеттердің бірі – Аризона университетімен келіссөздер жүргізілді. Солтүстік қазақстандық студенттер америкалық университеттің цифрлық білім беру ресурстарына қол жеткізе алады, – деді әкім. 

Оның мәлімдеуінше, облыс оқу орындарында қос дипломдық білім беруді енгізу жоспары бар. 

Денсаулық сақтау саласында ауруханалар заманауи МРТ, КТ, ангиограф және рентген аппараттарымен жабдықталған. Заманауи көп салалы аурухана салынуда. «Береке» және «Жас өркен» шағын аудандарында жаңа емханалар пайда болады. Ауылдық жерлерде 47 медициналық нысанның құрылысы басталады, – деп атап өтті Қ. Ақсақалов. 

Сондай-ақ әкім Елбасының тапсырмасымен облыста мемлекеттік спорттық тапсырыс жүзеге асырылып жатқанын айтты. 

Облыстық бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді. Бүгінде 2100 бала түрлі спорт түрлерімен тегін айналысады. Облыста спорт инфрақұрылымы дамып келеді. Қазір 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр, екі хоккей корты ашылады, – деді СҚО әкімі.
Өзгелердің жаңалығы