Скляр Нұр-Сұлтан маңында болған ұшақ апаты жайлы пікір білдірді

20 Маусым 2019, 13:14
1423
Бөлісу:
Скляр Нұр-Сұлтан маңында болған ұшақ апаты жайлы пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Нұр-Сұлтан қаласы маңында орын алған ұшақ апаты жайлы пікір білдірді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан жаңа ғана шыққан министр бұл апат туралы әлі ештеңе білмейтінін жеткізді. 

«Мен отырыста болған соң не болғанын айта алмаймын. Әлі ештеңе хабарланған жоқ. Отырыс өткізіп, пресс релиз таратамыз. Апатты тергеумен біздің арнайы басқармамыз айналысады», - деді Скляр.

Министр ұшақтың құлауының әртүрлі себептері болатынын, мұны жеке-жеке қарастырып, тергеу  қорытындысын күту қажет екенін айтты. 

Еске сала кетсек, аталған министрліктің баспасөз қызметі бүгін сағат ондар шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданында АН-2 ұшағы әуеден химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу кезінде апатқа ұшырағанын хабарлады. Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тауып,  жарақат алған екінші ұшқыш пен техник ауруханаға жеткізілген. Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды.

Қаза тапқан ұшқыштың кім екені анықталып жатыр


Өзгелердің жаңалығы