Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бензин бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, елімізде бензин бағасының көрші мемлекеттермен салыстырғанда төмен болуы жанар-жағармайдың тікелей жылыстауына алып келеді.
Бензин бізде көршілермен салыстырғанда арзанырақ және тікелей жылыстау байқалады. Біз оның жылыстауын болдырмау үшін бағаны біртіндеп теңестіретін боламыз, - деп атап өтті Роман Скляр.
Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қызметтен қашан кететінін айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанда өнеркәсіпте жарты жыл ішінде өндіріс көлемі 28,9 трлн теңгені құрағанын мәлімдеді.
Жиын барысында биыл елімізде 92 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілетіні де белгілі болды.
Вице-премьер Қазақстанда тұрғын үй бағасының 20%-ға қымбаттау ықтималдылығына қатысты мәселеге пікір білдірді.