Әскерлер қысқы дайындалуда

18 Қыркүйек 2020, 22:02
1221
Бөлісу:
Әскерлер қысқы дайындалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштерде қару-жарақ, әскери техника мен коммуналдық нысандардың қысқы уақытқа және жылыту маусымына дайындығы бойынша шара өтуде.

Әскери және арнайы техникаларды қамтамасыз ету, қару-жарақтың жағдайын тексеру және ақауларды жою бойынша барлық жұмыстар қазан айының ортасына дейін жалғасады.

Жазғы отын түрлерін, салқындатқыш сұйықтықтарды және сүзгіш элементтерді ауыстырылады. Мамандар тораптар мен агрегаттардың жұмысқа қабілеттілігін, доңғалақ және көлік техникасын үздіксіз және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жарықтандырудың, сигнал берудің, байланыс, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын тексереді.

ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының хабарлауынша, қару-жарақ пен жауынгерлік машиналарды дайындау жұмыстары белгіленген мерзімнің ішінде жауынгерлік дайындық сабақтарын тоқтатпай жүргізілуде. Құрамалар мен бөлімдердегі жауынгерлік машиналар парктерінде маусымдық жұмыстарды орындау және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер жылдың суық мезгілінде техниканы пайдалану және қызмет көрсету технологияларын меңгеріп, операцияларды орындау реттілігін зерделейді.

Сонымен қатар жылыту маусымына дайындық жалғасуда. Қазандық жабдықтары мен инженерлік желілерді тексеру және жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қазандықтарда қорытынды оттықтары, ғимараттар мен құрылыстарды жылыту жүйелерін сығымдау басталды, әскери бөлімдерге қатты және сұйық отын жеткізілді. Айдың соңына дейін барлық мекемелер 100% отынмен қамтамасыз етілетін болады, – деп хабарлады ҚР Қарулы Күштері Әскерлерді пәтерлерге орналастыру Бас басқармасының өкілі полковник Нұрлан Шәкіров.

Өзгелердің жаңалығы