Әскери қызметшілер қылмыстың алдын алуға көмектесті

27 Наурыз 2019, 19:57
1459
Бөлісу:
Әскери қызметшілер қылмыстың алдын алуға көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің қырағылығы полиция қызметкерлеріне қаскүнемдерді ұрлық жасау кезінде ұстауға септігін тигізді. Бұл туралы Жамбыл облысыныі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл әскери бөлім Тараздың «СКИФ-ТРЕЙД» ірі сауда орталығының жанында орналасқан және онда тағы да бірнеше дүкен жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың екінші наурызында сағат түнгі үш шамасында «Умид» дүкенінің қоршауына жасырынып жақындаған арбасы бар екі ер адам «Т» жедел мақсаттағы ротасының күзет орнында тұрған қатардағы жауынгерінің назарын аударған.

Осы сәтте зиянкестердің бірі жан-жағына қарап, жағдайды бағдарлай бастаса, екіншісі арбаға бірдеңе салуға кіріскен.

Күзет қызметкері бұл туралы «Н» кезекші бөліміндегілерге хабарлаған. Ондағы қызметкер «К» тобының қатардағы жауынгерінің көмегімен «түнгі қонақтар» жаққа бейнекамераны бағыттаған. Белгілі болғандай, әскерилердің мазасызданғаны бекер болмаған: олардың көз алдында ұрлық оқиғасы орын алды.

Олар бұл туралы Жедел басқару орталығына хабарлап, бірнеше минут ішінде келген кезекші жасақ оқиға орнында қылмыскерлерді құрықтады. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Тараздың екі тұрғыны кінәларын толық мойындады. Айта кетерлігі, ұрылар металл бұйымдарды ұрлауға тырысқан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Өзгелердің жаңалығы