Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жаңа оқу жылының басталуына орай салтанатты шара өтті.
Оқу орнының басшылығы курсанттарға сәттілік тілей отырып, алған білімдері мен дағдылары келешекте әскери қызметі жолында берік іргетас болып қаланатынына сенім білдіретінін жеткізді.
Биыл әскери оқу орнына Қазақстанның әр аймағы мен ТМД мемлекеттерінен келіп, қабылдау емтихандарынан сәтті өткен 190-нан астам курсант қабылданды. ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орта Азия мемлекеттері бойынша бес мамандық бойынша офицер-инженерлерді дайындайтын бірінші және жалғыз әскери институт болып табылады,-делінген хабарламада.
Айта кетсек, әскери институтың курсанттары білімді қашықтан емес, оқу орынан алады.