Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан және Үндістан Республикалары арасында екіжақты ынтымақтастық пен тәжірбие алмасу аясында Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының таулы дайындық орталығы базасында екі елдің Қарулы Күштерінің таулы бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі өтті.
Әскери қызметшілер екі апта шамасында Іле Алатауында өздерінің дағдыларын сақтандыру арқаны әдістерін жетілдірді, оқу сақтандыру қабырғасында жұмыстар жүргізіп, қоласты құралдарымен зардап шеккендерді тасымалдауда, таулы өзендер арқылы өткелден өту сұрақтары бойынша тәжірибе алмасты.
Жиын соңында әскери альпенисттер Аманкелді (4010м) пен Нұрсұлтан (4330 м) шыңдарын бағындырып, 5 қазанда Нью-Йорк (АҚШ) қаласында болатын қазақстандық былғары қолғап шебері Генадий Головкиннің украиналық Сергей Деревянченкомен ұрысына арналған 5 түрлі тілде бейне жолдама жазды.
«Таулы бөлімшелердің бірлескен оқу-жаттығу жиыны екі елдің таулы бөлімшелердегі әскери қызметшілерді дайындау жұмысында тиімді пайда әкеледі. Әскери қызметшілерді жаттықтырудағы біздің жүйе басқа елдер арасында танымал. Себебі біз, Кеңестік альпенисттер мектебінің жаттығу жүйесі мен тәжірбиесіне сүйене отырып, бұл тәжірибені біздің альпенисттерді дайындау жұмысындағы заманауи техникалармен біріктіреміз. Өз кезегінде таулы аймақта жауынгерлік қимылдар жүргізуде тәжірибесі мол Үндістандағы біздің әріптестер, әскери альпенисттерді дайындаудағы жаңа дағды мен техникаларды игеруге жақсы мүмкіндік», - деп атап өтті ҚР ҚМ СК-АОСК Таулы дайындық орталығы бастығының орынбасары подполковник Аманжол Рахметов.