Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде көгалдандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Қаланы безендіру және гүлзарларды күтіп, баптау "Көгалдандыру" жауапкершілігі шекеулі серіктестігіне тапсырылды. Мердігерлік ұйымның қызметкерлері 15-ке жуық өсімдік түрлерін екпек. Олардың қатарында: флокс, петуния, хризантема, целозия, циния және басқа да гүлдер бар.
Жоспар бойынша, 22 мың текше метр жерге гүл отырғызылады. Бүкіл қала іші гүлге оранып, одан да әсем күйге енетін болады, – дейді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова.
Табиғаттың әдемі туындылары төмендегі аймақтарға егіледі:
– Амфитеатр;
– Қазақстан, Сәтпаев, Пермитин, Бажов, Протозанов көшелері;
– Жеңіс даңғылы бойы;
– Орталық мешіттің аумағы;
– Нұрлы Жол және Сәулетай саябақтары;
– Ушанов алаңына, Металлургтер сарайы аллеясы;
– Е.П.Славский атындағы жағалау.