Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өскеменде жаңа шаңғы жолдары пайда болады

25 Қаңтар 2019, 22:20
2200
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Өскемен қаласының аумағында шаңғы жолын жүргізуге арналған үш орын белгіленіп отыр.

Аltaynews.kz сайтының мәліметінше оның біреуі Комсомол аралында пайда болмақ. Мұнда бірден екі спорттық нысан салынбақшы: ұзындығы 800 метрлік жарықтандырылған жол және ұзындығы 1,5 шақырымдық жарықтандырылмаған жол.

Шаңғы жолының екіншісі – Аблакетка ауданында. Нақтырақ айтқанда, Коммунальная көшесінің бойынан 2,5 шақырымдық шаңғы жолы өтетін болды.

Үшінші жол – «Ольга Рыпакова» жеңіл атлетика манежінің аумағында. Бұл жердегі шаңғы жолының ұзындығы екі шақырым болмақ.

«Одан бөлек, балаларды қалалық жарыстарға дайындау үшін қаладағы әр мектептің аумағынан арнайы шаңғы жолы салынады», – деп мәлім етті қалалық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Атаев.

Өзгелердің жаңалығы