Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде алғаш рет көпбалалы отбасыларға "Шаңырақ" әлеуметтік карталары үлестірілді, деп хабарлайды Altaynews.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар Инстаграмдағы ресми парақшасында мәлім етті.
Аталмыш карталар арқылы бірқатар сауда орындары мен қызмет көрсететін ұйымдарда түрлі деңгейдегі жеңілдіктер беріледі. Осы ізгі іске үлес қосқан қала кәсіпкерлеріне алғыс білдіремін, - дейді Жақсылық Омар.Өскемен бойынша барлығы 2440 карта таратылыпты. Жобаға қаладағы 18 компания қатысып отыр:
- "Арзан" гипермаркеті
- "Viтамир" сауда үйі
- "Олимп" зертханасы
- Centre NOVA diagnostic
- "Регистан" дәмханалары
- "Донер" дәмханалары
- "Penelope" отбасылық мейрамхана
- "Олимпик" ЖШС (боулинг-клуб)
- "Best" білім беру орталықтары
- "Апорт" киім-кешек дүкендері
- ЖК Садыкова С.К. (шаштараз)
- Мұзтау сауда үйіндегі "Песочница" балаларға арналған ойын алаңы
- "Зебра" кеңсе тауарларының дүкені
- "ПКП "Рауан" ЖШС
- ТОО "Жаса-Алишер"
- ЖК "Антюхов" ( "Көшбасшылар" клубы)
Сонымен қатар, осы картамен Жеңіл атлетика кешеніне, Орталық бассейнге және Драмтеатрға тегін кіруге болады.