Өскемен тұрғыны танысының атынан үш рет онлайн-несие алған

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Өскемен тұрғыны өзінің танысының атынан жасырын түрде үш рет онлайн-несие алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. </p>

13 Шілде 2019 2019, 00:54
АВТОР
 13 Шілде 2019 2019, 00:54
13 Шілде 2019 2019, 00:54
1953

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғыны өзінің танысының атынан жасырын түрде үш рет онлайн-несие алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жәбірленуші өз атына несие рәсімделгенін ұялы телефонына хабарлама келгенде ғана білген. Өзге біреудің несие алғанын түсінген ол полиция қызметкерлеріне шағым түсірді.

Жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы әйел адам ұсталды. Ол жәбірленушінің танысы болып шыққан.

«Жалпы сомасы 145 мың теңгеге шыққан үш онлайн-несие сәуір айында ресімделген», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 


Наверх