Өскемен полицейлері 14 интернет-қылмыстың бетін ашты

<h3>Астана, BAQ.KZ. Өскемен полицейлері тұрғындардың жарты миллион теңгесін «сыпырып алған» 14 интернет-қылмыстың бетін ашты, деп жазады Аltaynews.kz.</h3>

25 Ақпан 2019 2019, 17:00
 25 Ақпан 2019 2019, 17:00
25 Ақпан 2019 2019, 17:00
1741

Астана, BAQ.KZ. Өскемен полицейлері тұрғындардың жарты миллион теңгесін «сыпырып алған» 14 интернет-қылмыстың бетін ашты, деп жазады Аltaynews.kz.

Бұл-жақында өткен «Hi-Tech» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Алданған тұрғындардың бірі интернет арқылы киім-кешек сатып алғысы келсе, енді бірі автомобиль бөлшектерін интернет арқылы сатпақ болып, сан соғып қалған. Пәтерге тапсырыс беремін деп және интимдік қызметке құнығып, құм қапқандар да бар арасында. Алаяқтар қаражатты алдын ала төлем терминалдары Olimp.kz, Kiwi-кошелек, Kaspi Gold арқылы  аударуды талап еткен. 

Қазіргі уақытта қылмыскерлерге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Наверх