Өскемен мектептерінде жөндеу жұмыстары аяқталуда

30 Шілде 2020, 23:15
1474
Бөлісу:
Өскемен мектептерінде жөндеу жұмыстары аяқталуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бүгінгі таңда әкімшілік ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жуық арада мектеп өз оқушыларын қабылдауға дайын болады.

Оқу орны орналасқан ғимарат 1961 жылы салынған. Мекеменің жобалық қуаты 458 оқушыға есептелген. 2019-2020 оқу жылын екі ауысымда оқитын 934 оқушы аяқтады.

Республикалық бюджеттен "Жұмыспен қамту жол картасы – 2020" аясында мектепті жөндеуге 26 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға сыныптардағы 85 терезе ауыстырылып, 42 жаңа есік орнатылды және 250 метр жылыту жүйесі ауыстырылды, - дейді мектеп директоры Базарбек Садықов.

Сондай-ақ, директордың айтуынша, жергілікті бюджеттен жөндеуге қосымша алты миллионнан астам теңге бөлінген.

Жөндеу барысын күн сайын мектептің ата-анасынан тұратын қамқоршылық кеңесінің өкілдері бақылап отырды.

Мектеп қашықтықтан оқыту нұсқасы бойынша жұмыс істеуге де дайын.

Бүгінгі күнге көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың тізімі жасалды, оқуға қажетті компьютерлік және өзге де техниканың саны белгіленді, - дейді Базарбек Садықов.

Мектеп әкімшілігі тарапынан интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ оқушыларға көмек ретінде роутерлер де сатылып алынды.

Өзгелердің жаңалығы